389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда әуенді субұрқақ салынып жатыр

  • 421
  • UPD: 15:17, 09.07.2019
Түркістанда әуенді субұрқақ салынып жатыр

Түркістан қаласында жарық шамдармен безендірілген әуенді субұрқақ салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанның құрылысын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жүргізіп, Түркістанға сыйға тартпақ. Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңында қазір екі аусыммен 33 адам жұмыс істеп жатыр. Әуенді субұрқақтың көлемі 3 891 шаршы метрді құрайды. Осы жылдың қазан айында құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан аймақта ақылды шатырлар тігілмек. Шаһар тұрғындары мен қонақтарын күннен қорғайтын алып шатырлар адам көп жүретін жерлерге орнатылады. Мамандардың айтуынша, олардың биіктігі 12-ден 20 метрге дейін жетеді. Смарт шатырлар таңертең күн сәулесі шыққан кезде автоматты түрде ашылып, кешкісін өзі жабылады. Сондай-ақ ақылды шатырлар түнде әдемі жарық шамдарға айналып, түнгі шаһарға сұлулық сыйлайды. Әрі тегін Wi-Fi жүйесіне қосылады. Бұл жобалардың барлығы халықтың жағдайын жақсартып, өңірлік бюджетке кіріс әкелетін салаларды дамытуға бағытталған.

Айжан Хаметова, облыстық экономика басқармасысының бас маманы:

– Екінші ерекшелігі, бұл шатырларымызда су бүркегіш желдеткіштер жүйесі болады. Ыстық мезгілде желдеткіш қосылып, су себіледі және ауаны салқындатады. Біздің жобаларымыздың мақсаты халыққа ыңғайлы жағдай жасау болады.

Хабар 24 телеарнасы