384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімдігі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болғанын ескертеді

  • 129
Елорда әкімдігі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болғанын ескертеді

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды.

Осыған байланысты Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдейміз. Жалған аккаунттардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы