389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысы тұрғындарының 98,2 проценті табиғи газ пайдаланады

  • 360
  • UPD: 15:14, 09.07.2019
Атырау облысы тұрғындарының 98,2 проценті табиғи газ пайдаланады

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының Азғыр өңіріне табиғи газ желісі жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шекара маңындағы аудандарды дамыту жəне тұрғындардың тұрмысын жақсарту туралы тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Осылайша еліміздің батыс шекарасындағы 8 мыңға тарта тұрғыны бар 10 ауыл көгілдір отынға қол жеткізді. Ұзындығы 365 шақырымды құрайтын құбырдың құрылысы 2017 жылы басталып, биыл іске қосылды. Жергілікті биліктің ұсынысымен 20 көп балалы және бірінші топтағы мүгедектердің отбасына табиғи отын мердігер мекеменің есебінен тегін тартылды.

Мұрат Иғалиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

– Барлық тұрғындардың аулаларына газ құбырлары тартылды. Əрі қарай əр тұрғын өз үйіне тарту үшін құжаттарын реттеп, қондыратын болады. Азғыр өңіріне көгілдір отын тартылған соң, облыс бойынша газбен қамту көрсеткіші 98,2% көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы