389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық туристер үшін қауіпті елдер анықталды

  • 689
  • UPD: 18:07, 09.07.2019

Қазақстандық туристер үшін Батыс Африка елдеріне бару қауіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда оба дерті дендеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Бас санитарлық дәрігер отандастарымызға қай елдерге бару қауіпті екендігін айтты. Сөзінше, Мадагаскар мен Конго демократиялық мемлекетінде де эбола, конго-қырым геморрагиялық қызбасы, сары қызба сияқты қауіпті аурулар көп таралған. Бразилия елінде де эбола, денге індеттері тіркеліп жатыр. Соңғы екі жылда Қазақстанға Таиланд, Үндістан, Сингапур және Вьетнам елдерінен конго қызбасы 10 рет, денге қызбасының тасымалдануы 9 рет тіркелген. Маманның айтуынша, қазір жалпы еліміз бойынша санитарлық-эпидемиялық ахуал тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы