383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық кәсіпкер ұшақты балаларға арналған дәмханаға айналдырды

  • 105
  • UPD: 15:19, 09.07.2019
Оралдық кәсіпкер ұшақты балаларға арналған дәмханаға айналдырды

Оралдық кәсіпкер 20 млн теңге қаражат жұмсап балалар ойын-сауық орталығын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оралдық балалар мен қала қонақтарына арналған үлкен демалыс аймағы болмақ. Мұнда елордадағы «Нұр Әлем» көрмесінің көшірмесі де бар. Сонымен қатар, ұшақ ішіне дәмхана орналасқан. Кәсіпкер осы орталыққа орнату үшін аукционнан ұшуға жарамсыз ЯК-40 ұшағын әдейі сатып алыпты. Ұшақ іші ешқандай өзгеріссіз сақталған.

Сержан Идиятов, кәсіпкер:

– Кішкентай балалар ішіне кіріп, болашақта ұшқыш болсам деп армандап, сол мамандықты алса бізге де мақтаныш болады.

Хабар 24 телеарнасы