384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дүниежүзілік ғалымдар кубогы үшін жарыс басталды

  • 130
  • UPD: 15:23, 09.07.2019
Елордада дүниежүзілік ғалымдар кубогы үшін жарыс басталды

Елордада World Scholar's Cup mini global round дүниежүзілік ғалымдар кубогы үшін жарыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасындағы халықаралық білім сайысында әлемдегі ең мықты оқушы анықталады. Бүгінгі шараға 14 мемлекеттен 200-ге жуық оқушы келген. 4 кезеңнен тұратын олимпиадада қатысушылар алдымен тест тапсырып, эссе жазады. Кейін арнайы дебат өткізіледі. Сайыстың қорытынды кезеңінде оқушылар түрлі сұрақтарға жауап береді. Ал іріктеу кезеңінің жеңімпаздары халықаралық олимпиаданың финалына жолдама алады. Финал биыл қараша айында АҚШ-тың Йель университетінде өтеді. 

Шараға қолдау білдірген – «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры. «Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық  әлеуетін дамытып, дарынды жастарға қолдау көрсету», – дейді ұйымдастырушылар.

Даниель Бердичевский, ұйымдастырушы:

– Олимпиада барысында әртүрлі пәндерден келетін сұрақтарға жауап беріп, есептерді бірге шығаруға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ қатысушылар жеке-жеке тапсырмаларды да орындайды. Бұл арқылы біз баланың ой-өрісін дамытамыз.  Оның қай салаға бейім екенін анықтап, талантын ашамыз. Жарыс соңында балалар ең жақсы топтық жұмыс және ең үздік жеке жұмыс категориялары бойынша марапатталады. 

Хабар 24 телеарнасы