389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда шомылуға кетіп оралмаған 2 адамның туыстары көмек сұрады

  • 307
  • UPD: 16:50, 09.07.2019
Ақтауда шомылуға кетіп оралмаған 2 адамның туыстары көмек сұрады

Ақтауда 5 шілде күні Шора каналына шомылуға кетіп, қайтып оралмаған адамдардың туыстары көпшіліктен көмек сұрады.

Шомылуға кетіп оралмаған Толбай Серік пен Әбуғали Еркебұланның туысы Саламат Бүркітов іздеу жұмыстарына еріктілердің керек екенін айтты. «Бізге водолаз, катер, тікұшақ, дрон, жалпы іздеуге қажетті құралдар мен техникалар ауадай қажет. Дүрбісі бар адамдар шықса, тіпті жақсы. Жалпы теңізге шығып, іздесуге адамдар керек. Әкім құтқарушылардың таңнан бастап түнге дейін іздеп жатқандарын айтты. Бірақ олардың таңертеңгі 8-ден кешкі 6-ға дейін іздейтіндерін білдік. Сондықтан күн батқаннан кейін өзіміздің күшімізбен іздеудеміз»,  - дейді Саламат Бүркітов.

Еске сала кетейік, Ақтаудан суға кеткен 2 адамның денесі табылмай жатқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы