389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Павлодардағы жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

  • 235
  • UPD: 19:05, 09.07.2019
Депутаттар Павлодардағы жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

Павлодар облысында  жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. 

Осының негізінде мамандар халықаралық стандарттарға сай білім алған. Ал жедел жәрдем қызметі 100 процент медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Санитарлық авиациямен қатар республикалық маңызы бар тасжолдардың әрбір 50 шақырымында  қосымша бекеттер ашылған. Бүгінде науқастарға жету ұзақтығы 15-тен  8 минутқа қысқарды. Саланы сандық форматқа көшіру  нәтижесі жоғары. GPS-навигаторлар жолға шыққан бригаданың бағытын маңыздылығына қарай бағыттауға  мүмкіндік береді. Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Еңбек ұжымымен кездесіп, әлеуметтік оң өзгерістермен қабылданатын заң жобалары турасында әңгіме өрбітті. Облыстық жедел жәрдем  қызметінде 1 мың 200 адам еңбек етеді. Бригада жоғары дәрежелі фельдшер және дәрігерден құралған. Жедел жәрдем көліктерінде 240 жүргізуші еңбек етеді. Кездесу барысында жүргізушілердің  жалақысын  көтеру және  көлік паркін жаңарту мәселесі көтерілді.

Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі жағдай жасалғаны бәрі жақсы. Көтеріліп жатқан мәселе ол қазіргі осы транспортта жұмыс істеп жүрген адамдардың жалақыларын көтеруге байланысты. Оған да бүгін елімізде қаражат бөлініп жатыр. Қазіргі кірген бюджетке де, қосымша қаражат бөлінді. Оның бәрі осы өңірлерге жетеді деп ойлаймын. Негізі тағы ол осы паркке байланысты, оны да жаңарту керек деп сол сұрақтар көтеріліп жатыр. Бір жағынан инфрақұрылымға байланысты көптеген жұмыстар жасалып жатыр екен. Негізі осы Павлодар облысының жедел  медициналық  жәрдем көмегі өте биік деңгейде деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы