389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда шомылу маусымы ашылғаннан бері 12 адам суға кеткен

  • 333
  • UPD: 18:52, 09.07.2019
Қостанайда шомылу маусымы ашылғаннан бері 12 адам суға кеткен

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға кеткен. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар.

Ал төрт ересек адам  ішімдіктің кесірінен ажал құшқан. Барлық қайғылы оқиғалар суға түсуге тыйым салынған орындарда болыпты. Облыста арнайы жабдықталған 9 шомылу орны бар. 7 құтқару тобы жұмыс істейді. Биыл олар суға батып бара жатқан 36 адамды ажалдан арашалап қалды. Өңірдегі өзен-көлдердің бәрін бақылауда ұстау мүмкін емес. Сондықтан мамандар алдын-алу шараларына баса мән береді. Қостанайдағы төтенше жағдайлар қызметкерлері қалалық жағажайда арнайы рейд өткізді. Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Талғат Кәкімов, облыстық ТЖД бастығы:

- Әрбір суға түсетін адам мынаны есте ұстауы керек. Біріншіден арнайы  орындарға шомылуы тиіс. Екіншіден ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Үшіншіден кәмелеттік жасқа толмаған балалар тек ересектердің бақылауымен ғана шомылғаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы