384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды

  • 108
  • UPD: 19:02, 09.07.2019
Елордада өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды

Елімізде өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейту керек. Бұған қоса әлеуметтік нысандарды жіті бақылауға алып, жергілікті тұрғындарды үнемі ақпараттандырып отырған абзал.

Бұл мәселелер бүгін елордадағы жаңадан ашылған өрт сөндіру бөлімінде талқыланды. Саладағы мамандармен сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед кездескен болатын. Ол құтқару жұмыстарына арналған соңғы техникалармен танысып, қызметкердің әлеуметтік жағдайларын да білді. Сонымен қатар сенатор Ұлттық гвардияға қарасты жедел әрекет ететін әскери бөлімге барып, әлеуетін өз көзімен көрді. Әскери мамандардың материалдық және техникалық жарақтандыруына қатысты мәселелерді көтерді. Әлеуметтік жағдайды арттыруға қатысты заңда көрсетілген тетіктер де сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы