384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы үйлерді жөндеуге ШҚО құрылысшылары белсенді атсалысты

  • 118
  • UPD: 22:27, 09.07.2019

Арыстағы жарылыстар барысында шаһар мен оның маңайындағы елді мекендердің 6127-сі зақымдалған.

Жаңғырту жұмыстарына бүгінгі таңда мың жарымға жуық құрылысшы тартылды. Арыстағы ағайынның баспанасын бүтіндеуге Шығыс Қазақстан облысының жұрты да белсене атсалысуда. Өскеменнен оңтүстік өңірге келген 25 мердігердің 4 жүздей құрылысшысы 541 үйді жөндеп жатыр. 14 көше кіретін бұл секторда снаряд түсіп, жарамсыз күйде қалған 4 үйдің орнына жаңасы салынады. 

Сырым Жүсіпов, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілі:

- Құрылыс материалдарын шифер жабынды Семей қаласынан келіп жатыр. Қалған әрлеу жұмыстары бойынша әйнек, шыны, пиломатериал өнімдерін Шымкент қаласынан және маңайдан алудамыз.

Хабар 24 телеарнасы