389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы туристік нысандарға апаратын жолдар қалпына келтіріледі

  • 215
  • UPD: 19:47, 09.07.2019
Түркістан облысындағы туристік нысандарға апаратын жолдар қалпына келтіріледі

Түркістан облысындағы туристік нысандарға апаратын жолдар қайта қалпына келтіріледі.

Қазір онда облыстық маңызы бар Первомай-Оңтүстік турбаза тас жолы жөнделіп жатыр. Таулы жерде орналасқан бұл жолдың ұзындығы 11 шақырым. Ол «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағымен өтеді. Әдетте күннің күрт ысуына байланысты мұнда ағылушылар қатары көбейеді. Жолдың жағдайы сын көтергісіз күйге түскендіктен жүргізушілер тарапынан айтылатын сын-ескертпелер бір толастаған емес. Жақында облыстық бюджеттен оны жөндеуге 350 миллион теңге бөлінді. Ал Қасқасу туристік базасына апаратын трассаны қайта қалпына келтіру жұмыстарына 500 миллион теңге жұмсалады. Жолдың жағдайы жақсарса, мұнда келетін саяхатшылар легі еселеп арта түсер еді дейді мамандар.

Нұрлан Оспанов, Төле би аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Біздің Төле би ауданы таулы аумақ болғандықтан, біз ең туризмді дамыту бағытында жұмыс жасап жатқандықтан бұл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тек біздің ауданның тұрғындары ғана емес, Шымкет қаласынан көп турист келеді деген үміттеміз. Туристердің бұл ауданға келуі біз үшін бюджетті толтыру деп есептейміз. Сол себепті біз осы бағытта жұмыс  жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы