389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Ахмет ауылында заманауи амбулатория ашылды

  • 237
  • UPD: 22:44, 09.07.2019
Қарағанды облысының Ахмет ауылында заманауи амбулатория ашылды

Қарағанды облысының Ахмет ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды.

Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелік дәрігердің, педиатрдың, акушер-гинекологтың кабинеттері мен қан тапсыратын, екпе жасайтын бөлмелер бар. Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған ауылдық дәрігерлік амбулатория 1200 тұрғынға қызмет көрсетеді. Осылайша елді мекенде тұңғыш рет күндізгі ем қабылдау бөлмелері пайда болды. Құрылысы 9 айда біткен медициналық мекемені тұрғызуға 100 млн теңге қаражат жұмсалған. Емхана алдында жасыл бақ та пайда болды.

Бақытгүл Мұқышева, Нұра ауданының бас дәрігері:

- Бұл Нұра ауданындағы 4 ашылған дәрігерлік емхана. Олардың барлығы жұмыс істеп тұр. Ахмет ауылында ашылған амбулаторияның мүмкіндігі мен сапасына медицина қызметкерлері де, ауыл тұрғындары да дән риза.  Жуық арада кадр мәселесін де шешеміз. 7 дәрігермен келісімшарт жасалды. Олар енді ауылға жұмыс істеуге келеді.

Хабар 24 телеарнасы