389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылдан бастап кәрі арқарды атуға лицензия беріледі

  • 286
  • UPD: 10:34, 10.07.2019
Келер жылдан бастап кәрі арқарды атуға лицензия беріледі Informburo.kz

Ел аумағында 16 мыңдай арқар қалған. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда бұл аз. Демек, жабайы жануарлар сиреп барады.

Біріншіден, браконьерлер қырады. Одан қалса түрлі аурудан өлетіндері бар. Мамандардың айтуынша, үйірдегі кәрі қошқарлардың салдарынан да тұқым көбеймейді. Сондықтан келесі жылдан бастап қартайған аурушаңдарын ату көзделіп отыр. Осылайша үйірге жас қошқарлар келмек. Яғни алдағы уақытта арқар атуға лицензия беріледі. Біздің жердегі кәрі арқарларды шетелдіктердің де атып алуына рұқсат етіледі. Аңшы бір бас үшін кемінде 100 мың АҚШ долларын төлеуі тиіс. Түскен қаражаттың 11-12 мың доллары бюджетке, 10-15 мың доллары аңшылықты ұйымдастырушы ұйымға, қалғаны түгел ғылымға бағытталады. Нақтырағы, биологиялық қауіпсіздік пен зоология институттарына бөлінеді.  

Батыр Сейкенов, «Kazakh Tourism» ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі: 

- Қазір арқарларға да белгі тағып жатырмыз. Қаржының бір бөлігі соған жұмсалады. Осы арқылы қартайған арқарларды оңай анықтауға болады. Шетелдік туристер арқардың тек мүйізін ғана еліне әкететін көрінеді. Оларға мүйізі ғана керек. Ал қалған денесін біз алып, тексереміз. Жабайы жануардың денсаулығына тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Ауруларын ерте анықтап, тиісті шаралар қолдану, қыс қатты болған кезде жемшөппен қамту шаралары да осы туристерден түскен қаражат есебінен жүргізілетін болады. Осының арқасында келешекте арқар саны көбеюі тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы