383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға келген шетелдік саяхатшылар еліміз туралы кино түсірмек

  • 88
Алматыға келген шетелдік саяхатшылар еліміз туралы кино түсірмек

Мотоцикл мінген европалық саяхатшылар Алматыға келді.

Әлемнің түкпір-түкпірін шарлап шыққан Германиялық ерлі-зайыпты Флориан мен Андреа Берендттер Қазақстанға бірінші келіп отырған жоқ. Бұған дейін яғни 2 жыл бұрын ЭКСПО көрмесінде болып, біздің елдің табиғатына таңдай қағып кеткен еді. Келесі жолы Қазақстанға Испаниялық әйгілі спортшыларды ала келеміз деп уәде берген  Берендтер сөздерінде тұрып, Алматыға әлем чемпионы Джозеп Гарсияны да ерте келді. Олардың жоспары алдағы 10 күнде жер жәннаты Жетісуды аралап шығу. Экстрамальды спорт түрін серік еткендер алдымен Асы жайлауын сосын, Шарын шатқалы мен Қайыңды көлінде болып, Алтын Емел ұлттық саябағына да  баруды  көздеп отыр. Мотоцикл мінгендердің мақсаты  Қазақстанның әсем табиғаты туралы кино түсіру. 

Флориан Беренд, саяхатшы:

- Мен Қазақстанға баратынымызды айтқанда достарым қатты қуанды. Өйткені бұл елдің табиғаты өте тамаша. Әсіресе Жетісу өңірінің кереметін сөзбен айтып тауса алмайсың. Шарын шатқалы Гранд шатқалдарына, таулары  Швейцария секілді, тіпті одан да әдемі. Жергілікті халқы да ашық, қонақжай.  Біз мұнда тек қыдырып қайту үшін емес, Қазақстан жәйлі деректі фильм түсіруге келдік.

Хабар 24 телеарнасы