389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық студенттер әлеуметтік нысандар құрылысына тартылған

  • 318
  • UPD: 14:47, 10.07.2019
Түркістандық студенттер әлеуметтік нысандар құрылысына тартылған

Түркістан облысының студенттері әлеуметтік кешендердің құрылысына тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өз кезегінде болашақ құрылысшылар мен сәулетшілердің тәжірибе жинақтауына оң ықпал етуде. Биыл жазғы демалыста мыңға тарта жас еңбекпен қамтылып отыр. Тұңғыш Президенттің «Жасыл ел» бастамасы осы өңірде жыл сайын мыңдаған студенттің ортақ іске жұмылуына жол ашқанын айту керек. Сонымен қатар «Жасыл ел» бригадалары қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып келеді.

Оспан Жүсіпов, аймақтық жастар ресурстық орталығының инспекторы:

– Жастар осы Түркістан облысының түрлі аудандарынан келіп жатыр. Көбі Түркістанның тұрақты халқы, жастары. Жастарды бірнеше бағытқа бөле отырып жұмысқа орналастырдық. Атап айтатын болсақ,  Түркістан қаласында «Жеңіс» саябағы, «Парасат» бағы бар. Сондай-ақ түрлі мекемелердің жан-жағын ретке келтіру мақсатында, көгалдандыру мақсатында жастарды ұйымдастырып жатырмыз. Үшінші маусымға дайындық жүріп жатыр. Тіркеу жүріп жатыр. 150 жасты жұмыспен қамтимыз деген ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы