384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Jastar Alańy-2019 пікірсайыс турниріне тіркеу басталды

  • 128
  • UPD: 14:47, 10.07.2019
Jastar Alańy-2019 пікірсайыс турниріне тіркеу басталды

Қатысуға ниет білдірген 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар zhasotan.kz сайтында өтінім қалдыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіркелу 8 тамызға дейін жалғасады. Ой мен сөздің сайысына еліміздің барлық өңірлерінен 60 команда іріктеледі. Пікірталастар қыркүйек айында басталады. Финалдық ойындар телевизиялық форматта өтеді деген жоспар бар. Турнирді өткізуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және Jas Otan жастар қанаты атсалысты. Негізгі мақсат – елімізде пікірсайыс федерациясын құру. Сондай-ақ сыни ойлап, пікірін ашық жеткізе алатын еркін азаматтарды тәрбиелеу.

Дәулет Кәрібек, Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының төрағасы:

– Жастарды турнир жұмыстарына жинап қана қоймай, оларды оқыту және олардың ары қарай жүзеге асуына, іске асуына экожүйе қалыптастыру. Яғни біз бұл жолы Қазақстан бойынша 120 дебатерді жинап қана қоймаймыз, біз оларды оқытамыз, төрешілерді оқытамыз. Жалпы, кәсібилік деген не екенін көрсетеміз. Одан бөлек осы жобаның аясында бізде британдық және Линкольн Дуглас деген үш бағыт бойынша оқыту жалғаса отырып, дебатерлерге арналған сайт жасақталады және мобильді қосымша жасақталады.

Хабар 24 телеарнасы