384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Мұстай Кәрім көшесі ашылды

  • 114
  • UPD: 14:45, 10.07.2019

Алматыда белгілі башқұрт ақыны, жазушы, драматург Мұстай Кәрім атындағы көшенің ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл игі іс – екі ел арасындағы ынтымақтастық пен тарихи, әрі мәдени сабақтастықтың белгісі. Шараға қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, еліміздің  Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен Мұстай Кәрімнің немересі Темірболат  Кәрімов қатысты.

Биыл бауырлас башқұрт халқының ұлы перзенті Мұстай Кәрімнің туғанына 100 жыл толып отыр. Оның 100-ден астам өлеңі, 10-нан аса драмалық шығармасы, соның ішінде «Прометей, алауыңды тастама», «Айгүл әлемі», «Көкейден кетпес балғын шақ» сынды шығармалары қазақ тіліне аударылған.

Ақынның ғасырлық мерейтойы қаладағы Достық үйіндегі ғылыми-теориялық конференцияда жалғасты.  Башқұртстаннан келген арнайы делегация осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қазақстан жазушылар одағына алғасын айтты.

Жалпы, биыл Мұстай Кәрімовтың мерейтойына орай Ресейде халықаралық әдеби конференция өткізілмек. 

Иманғали  Тасмағамбетов, Қазақстанның РФ төтенше және өкілетті елшісі:

– Осындай игі істердің көзін тауып, көзделген мақсаттардың үдесінен шығып жүрген барша азаматтарға алғысым мол. Біле білгенге бұл бір ердің айналасындағы шаруа ғана емес, елге қатысты, рухани бірлігіміз бен әдеби ірілігімізді танытатын тағылымды шаруа.

Хабар 24 телеарнасы