383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені анықталды

  • 342
Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені анықталды

Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

ІІМ ТЖК-нің ақпараты бойынша, өрттің себебі – жұмыстар атқару кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы («BI Servis» ЖШС қызметкерлері шатырда жөндеу жұмыстарын істеген). 

Кеше Нұр-Сұлтанда зәулім «Ұлыбритания кварталы» тұрғын үй кешені өртенгені хабарланған еді. Сағат 19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған. 

Өрт түнгі 23:02-де сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйдің шатыры мен төрт пәтері өртеніп, аумағы 600 шаршы метр болған. 

Хабар 24 телеарнасы