389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мака Макацария: Қазақстан – Грузия үшін маңызды туристік нарық

  • 235
  • UPD: 15:15, 10.07.2019
Мака Макацария: Қазақстан – Грузия үшін маңызды туристік нарық

Туризм саласы – Грузияның əлеуметтік-экономикалық дамуының басты катализаторы.

Сондықтан бұл ел үшін туризм нарығындағы тұрақтылықты сақтау маңызды.

Грузияның ұлттық туризм әкімшілігі мәліметіне сүйенсек, туристік инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет көрсету сапасын арттырудағы жаңашылдықтар нәтижесінде елде туристер ағынының өсуі байқалады. 2018 жылы елге саяхаттаушылардың қатары 8,5 миллион адамға жетіп, қаржылық түсім 3,2 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Ал 2019 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында бұл көрсеткіш 5,4% өсті.

Грузиялық туристік бизнес саласы үшін Қазақстан әлеуеті зор әрі қарқынды дамып жатқан туристік нарық саналады және саяхаттаушылар саны бойынша алғашқы он елдің қатарына кіреді (тоғызыншы орын).

Грузияның ұлттық туризм әкімшілігінің ресми өкілі Мака Макацарияның мәліметінше, 2018 жылы Грузия еліне саяхат жасаған қазақстандық туристердің саны 25% өсіп, 58 955 адамды құраған. Ағымдағы жылдың бес айында өсім 63% жетті.

– Бұл – туристік сектордағы екіжақты қарым-қатынастың қалыпты дамуының нәтижесі. Сондай-ақ туристер ағынының өсуіне екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің болуы да өз әсерін тигізеді. Қазақстан – біз үшін маңызды туристік нарық. Сондықтан өз тарапымыздан пресс және инфо-турлар ұйымдастырудамыз. KITF халықаралық туристік көрмесіне де жүйелі түрде қатысып тұрамыз, – деді Мака Макацария.

Елдегі жағдайға қарамастан, Грузияға саяхатқа барғысы келетін қазақстандық туристер қатары азаймаған.

Салтанат Дүйсенқызы, «Компас» туристік компаниясының Грузия бағыты бойынша басшысы:

– Тбилисиде жағдай бірқалыпты. Саяхаттан бас тартып, жолдамаларды қайтарып жатқан туристер жоқ, керісінше, қазақстандықтардың қызығушылығы артуда. Қонақүйлердің бағасы былтырғы көрсеткішті ұстап тұр, құлдырау байқалмайды. Туристік операторлардан да бағаны арзандатуға қатысты ұсыныстар түскен жоқ. «Компас» туристік компаниясы 2019 жылы Грузия еліне жалпы 3000 турист жіберуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 1670 турист демалып келді.

Touroperator Kompas ұсынған соңғы үш жылдағы мәлімет:

2016 жылы – 1400

2017 жылы – 1989

2018 жылы – 2480.

Авторы: Жансая Әлібаева

Хабар 24 телеарнасы