384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көлеңкелі айналымдағы 10 млрд теңге анықталды

  • 136
  • UPD: 14:43, 10.07.2019
БҚО-да көлеңкелі айналымдағы 10 млрд теңге анықталды

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары көлеңкелі айналымдағы 10 миллиард теңгені жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл ретте бақылау кассалық аппараттарының көмегі тиді», – дейді мамандар. Аймақта сауда, ойын-сауық орталықтарында бақылау құрылғыларын орнату жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Онлайн кассаларды орнатудың арқасында жасырын болып келген кірістер анықталды. Көлеңкелі табыс көзінің басым бөлігі мейрамханалар мен дәмханаларға тиесілі болып шықты. 143 салық төлеуші ескертпе парақтарын алды. Нәтижесінде бюджет қосымша 94 миллион теңгеге толықты.

Айтар болсақ, аймақтағы 43 мың шағын бизнес субъектісінің тек 8 мың 400-і ғана онлайн кассаларын орнатқан. Бақылау кассалық аппараттарды орнату жұмыстары әлі де жалғасуда. Биыл көлеңкелі айналымдағы өзге де қаражатты жария етіп, бюжетті қосымша 909 млн теңгеге толықтыру жоспарланып отыр.

Жүніс Күншаев қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Бүгінгі таңда біздің Орал қаласы бойынша кәсіпкерлердің барлығы қойып біткен жоқ. Кейбіреулерінің уақыты өтіп кетті. Орал қаласы кәсіпкерлерінің 80% қойып бітірді. Әлі де қалған  20% қоюға міндеттелген. Бұл жұмыстар жалпы 2019 жылдың аяғына дейін аяқталып, 2020 жылы барлық кәсіпкерлер қойып бітіруі қажет.

Хабар 24 телеарнасы