383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы №10 мектеп әкімшілігінің атына азаматтық іс қозғалады

  • 179
  • UPD: 14:43, 10.07.2019

«Хан Шатырдағы» бассейнде қайтыс болған қыздың ата-анасы мектеп әкімшілін сотқа береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жәбірленушілердің заңгерлері мәлімдеді. Мұндай әрекетке мектеп әкімшілігінің оқиғаға қатысты БАҚ-та жарияланған сұхбаты себеп болған. Онда оқу орнының директоры мен сынып жетекші «қайтыс болған баланың денсаулығында ауытқу бар» деп айтқан. Алайда қыздың әкесі Ермек Кабулов мұны жоққа шығарды. Ал жәбірленушінің құқығын қорғаушылар 8 жасар баланың денсаулық паспортын дәлел ретінде ұсында. Сондай-ақ заңгерлер білім беру басқармасы мен мектеп әкімшілігі тарапынан баланың отбасына материалдық көмек берілмегенін мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу құпия түрде өтіп жатқандықтан қылмыстық іске қатысты нақты деректер айтылмады.

Ерназар Есенов, заңгер:

– Біз өз тарапымыздан тиісті мекемелерге сұрау жасатып, ауруханадан баланың медициналық картасын алдырдық. Ондағы жазбалар №10 мектепеп-гимназия директоры мен сынып жетекшісінің айтқанын жоққа шығарады. Денсаулық паспортында ешқандай аурулар тіркелмеген. Сондықтан біз мектеп директоры мен сынып жетекшінің атына азаматтық іс қозғау туралы арыз дайындап жатырмыз. Бұл қаза тапқан баланың және оның отбасы мүшелерінің ар-намысы мен заңды мүддесін қорғауға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы