384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Орталық саябақты жаңғырту жұмыстары тоқтап тұр

  • 132
  • UPD: 14:42, 10.07.2019
Семейде Орталық саябақты жаңғырту жұмыстары тоқтап тұр

Семейде жалпы құны бір миллиард теңге болатын Орталық саябақты қайта жаңғырту жұмыстары іркіліп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша құрылыс шілде айының соңында аяқталуы тиіс еді. Алайда ғажайып көрініске айналады деген уәденің орнына қалалықтар қалай болса солай кесілген ағаштар мен бүлінген жол төсеніштерін ғана «тамашалауға» мәжбүр. Қалалық әкімдіктің жауапты мамандары сараптама қорытындысын ұзақ күтіп отырғандарын айтып ақталуда. Олардың сөзіне сенсек, құжат қолға тиісімен шұғыл байқау жарияланып, жұмыстар басталмақ. Жоба бойынша саябақта заманауи жарықтандыру орнатылып, сәулет құрылыс ескерткіштері бой түзейді. Субұрқақтар да демалыс орнының ажарын ашуы тиіс.

Асан Дүйсембаев, Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Қазіргі уақытта Орталық саябақта ағаштар кесіліп, жаяу жүргіншілерге арналған тас төсеуіштер қопарылып алынды. Жақын арада сараптама қорытындысын алсақ, байқау жариялаймыз. Алдағы екі-үш айдың ішінде саябақтағы қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы