389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды

  • 349
  • UPD: 14:42, 10.07.2019
Таразда «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды

Бұл жерде қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің 14 түрі ұсынылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, енді қажетті қызмет түрін бір жерден алу мүмкіндігі пайда болды. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету.

Айта кетерлігі, Open Ѕрасе жаңа форматтағы кеңсесінде электрондық үкімет порталын да қолдануға болады. Сондай-ақ жауапты мамандар мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру мәселесі бойынша халықпен жиын өткізуді жоспарлап отыр.

Равиль Төлебаев, ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы:

– Алдағы уақытта жұмыс принциптерін зерделейтін боламыз. Арыз-шағымдарды қарау мерзімі қаншаға дейін қысқартылды немесе тағы да қандай өзгерістер енгізу керек? Оны алдағы уақытта әкімдікпен бірге зерделеп отыратын боламыз. Осындай ашықтық принципін басқа да аудандарға енгізуді ұсынып отырмыз. Енді осы ұсыныстар қарастырылып, жаңа сервистік әкімдіктер ашылады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы