383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде ақпараттық технологияны оқыту орталығы ашылды

  • 92
  • UPD: 14:42, 10.07.2019
Өскеменде ақпараттық технологияны оқыту орталығы ашылды

Өскемендегі танымал инжиниринг компанияда ақпараттық технологияны оқыту орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттары қатысып, өнеркәсіптегі IT технологияның игерілу деңгейімен танысты. Аталған орталықта партиялық жоба шеңберінде түрлі кәсіпорындардағы заманауи құралдарға сервистік қызмет көрсету бағыты да қарастырылған. Негізгі көзделген мақсат – цифрландыру саясатын жетілдіріп, өндіріс орындарындағы жұмысшыларды, студент практиканттарды оқытып, кәсіби білімін арттыру. Соңғы технология үлгілерін іс жүзінде қолдана білуге шақыру. «Өйткені ақпараттық-сандық технологияны жетік меңгерген кадрлар аз, тапшылық жыл өткен сайын артып келе жатыр», – дейді мамандар. Орталықты аралап шыққан депутаттар оның еліміздегі цифрландыру шараларының жүйелі жүргізіліп келе жатқанының бір дәлелі екендігіне тоқталды.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру қарқынды дамуда, әрбір өңірге депутаттар шығып, осындай мекемелерді аралап көруде. Ары қарай осы өндірістегі қателіктер болса, біз оны шешуге дайын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы