Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустрияландыру бағдарламасы: биыл 20 мың жұмыс орны ашылады

  • 139
  • UPD: 20:31, 10.07.2019

Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, биыл индустрияландыру картасының 120-дан астам жобасын іске қосуды жоспарда бар. Сонымен қатар жыл соңына дейін 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландырудың жаңа бағдарламасы бекітіледі. Жаңа жобаның жаңалығы да жоқ емес. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға қарқын беріліп, еңбек өнімділігін арттыруға басымдық беріледі. Отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артатын болады. Қазір оның жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөз жүріп жатыр.

Аманияз Ержанов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Бағдарламаның мақсаты – өңдеуші өнеркәсіптің халықаралық  бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Тұтастай алғанда, бұл экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға және еңбек өнімділігін арттыруға баса назар аударады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға шоғырландырылатын болады.

Сонымен қатар елімізде отандық электромобильдер өндіру жоспарланып отыр. Автокөлік жасайтын кәсіпорындар бүгінде электрмен қуатталатын көлікті жасаудың қыр-сырын зерттеп жатыр. Қазақстанда жаңа автокөлік түрлерінің алғашқы үлгілері сынақтан өтті. Бүгінде еліміз бойынша 200-ге тарта көлік  жүйткіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы