384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билік өкілдері халықпен кездеспесе қоғамдық сенім қайдан болады? – Б.Байбек

  • 137
  • UPD: 17:29, 10.07.2019

Халық сеніміне ие болу үшін бұқарамен байланысқа баса мән беріп, елмен етене жұмыс істеу керек. Бұл ретте партиялық бақылау күшейтілуі тиіс.

Жергілікті мәслихаттар өз жұмысын жандандырып, кез келген деңгейдегі әкімдердің жұмысын қадағалай алғанда ғана халықтың сенімі қайта оралады. Орал қаласында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 25-конференциясын өткізген Бауыржан Байбек партияластарына осындай тапсырма берді. Жыл басынан бері батыс қазақстандықтардан «Nur Otan» партиясына екі мыңға тарта өтініш түсіп, оның 30% шешімін тауыпты. Қоғамдық қабылдауға 9 мың адам көмек сұрап келген.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Біздің қолымыздағы деректерге сүйенсек, алғашқы жарты жылдықта партияның Орал қалалық филиалында қала әкімінің орынбасарлары бір де бір қабылдау өткізбеген. Алдағы уақытта партия бұл мәселені қатаң бақылауға алуы тиіс. Егер халықпен кездеспесе, қандай қоғамдық сенім туралы айтуға болады?

Хабар 24 телеарнасы