384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 5 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

  • 127
  • UPD: 20:35, 10.07.2019
Қостанай облысында 5 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

Биыл Қостанай облысындағы 5 мыңдай ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылады.

Бұл мақсатқа 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Аймақтағы жүзеге асырылып жатқан жобалармен Мәжіліс депутаттары танысты. Халық қалаулылары Алтынсарин ауданындағы су тартқыш және таратушы желісінде болды. Нысан Докучаев және Шоқай елді-мекендерінің 300-ге жуық абонентін тіршілік көзіне қосады. Алайда ауыл тұрғындарын үйге тартылатын судың тарифі мазалап отыр. Себебі облыстағы кейбір ауылдар тұтынылған тіршілік нәрі үшін қыруар ақша төлеуге мәжбүр. Депутаттар бұл мәселе субсидия арқылы шешілетінін жеткізді. 

Ирина Аронова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Облыста су бағасына қатысты көптеген мәселелер туындайды. Оларды Үкіметке депутаттық сауал жолдап шешіп жүрміз. Соның нәтижесінде  Арқалық қаласы Денисов ауданы субсидияға қол жеткізді. Негізінен ауыз су субсидиясы шағын ауылдар үшін қарастырылмаған. Болашақта бұл заңға  өзгертулер енгізу қажет болады.

Хабар 24 телеарнасы