389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының конференциясы өтті

  • 299
  • UPD: 23:16, 10.07.2019

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қызылорда облыстық партия филиалының кезектен тыс 25-конференциясына қатысты.

Шарада жастар көкейдегі ойларын ортаға салды. Оларды оқушылардың қаржылық сауаттылығы, мемлекеттік тілдегі мультфильмдердің аздығы және бүгінгі айтыс жайы толғандырады екен. Бауыржан Байбек өз кезегінде жас буынның пікірін қолдайтынын білдірді.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 

- Бұдан кейін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Маңғыстау облысына барды. Партия филиалының кезектен тыс конференциясына қатысқан ол сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтетінін жеткізді. Бұл жұмыс ең алдымен партия ішінен басталады. Бауыржан Байбек халықтың сенімін күшейтуге ден қою керектігін қадап айтты. Өңір екі жылдан бері көш соңында келеді. Бұл ретте партияның облыстық филиалының төрағасы болып сайланған Серікбай Тұрымовқа  зор міндеттер жүктелді.

Хабар 24 телеарнасы