389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтоты Райымқұлова Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды

  • 413
  • UPD: 22:56, 10.07.2019
Ақтоты Райымқұлова Президент жолдаған эстафетаны қабыл алды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен үзінді оқыды.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны министрге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған болатын.

«Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғанын білесіздер. Күні кеше сол тізгінді мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан қабыл алдым. Бар қазақтың ғана емес, адамзаттың алып ақыны - Ұлы Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын мен Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткеріне және майталман жастарға жолдаймын», - деді министр өзінің Ғacebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы