384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында республикалық жастар лагерінің бірінші маусымы аяқталды

  • 125
  • UPD: 23:22, 10.07.2019
Ақмола облысында республикалық жастар лагерінің бірінші маусымы аяқталды

Ақмола облысының Зерен ауданында республикалық «Зерен-2019» жастар лагерінің бірінші маусымы аяқталды.

Үздіктерді премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова құттықтап, марапаттады. Жалпы білім беру лагеріне бұл жолы Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінен 200 жас қатысқан болатын. Олар қазылар алқасына 36 командалық жоба ұсынған. Оның қорытындысы бойынша 5 бизнес-идея үздік деп танылды. Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова жастармен жүздесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Кейін жеңімпаз деп танылған қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті. 3-орын алған командаға 750 мың теңге берілсе, екінші орын иеленгендерге бір млн теңгеден үлестірілді. Ал бірінші орын алған Қызылордалық топқа 1,5 млн теңгенің сертификаты табысталды. Бұдан бөлек, жастар жобалары демеушілер тарапынан бір млн теңге көлемінде қосымша қаржыландырылды.

Шыңғыс Нұркеш, «Red Orda» командасының мүшесі /1-орын/:

- Біз жеңеміз деп мүлде ойлаған емеспіз. Бұл әрине үлкен еңбектің, төзімділіктің, бизнес-серіктестеріміздің және оқытушыларымыздың еңбегі. «Зерен-2019» ұйымдастырушыларына, достарымызға және менторларымызға алғысымыз шексіз.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Менің ойымша, жастар қабілет-қарымын көрсетіп, іс жүзінде дәлелдей білді. Әрі өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Миллион теңгенің ақшалай сертификаттарын жеңіп алды. Жүзеге асыруға болатын қызықты идеялар мен жобалар болды. Сондықтан да жастарға сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы