384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 588 көп балалы отбасы баспаналы болады

  • 159
  • UPD: 07:20, 11.07.2019
Қызылорда облысында 588 көп балалы отбасы баспаналы болады

Қызылорда облысында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жыл соңына дейін 588 пәтер беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда қайырымдылық қоры есебінен 100 отбасы баспанамен қамтылды. «Бәйтерек» шағын ауданында тағы 50 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүкіл инженерлік желілері тартылған үйлерді Мәжіліс депутаттары арнайы барып көрді. 9 гектар жерге салынған үйлердің 6 сотықтан жер телімі және бар. Баспанаға бірінші кезекте 10, 9, 8, 7 баласы бар отбасылар қол жеткізген. Халық қалаулылары бала-шағасымен талай жыл пәтер жағалаған Тұрсановтардың шаңырағына бас сұқты. Емен-жарқын әңгіме өрбітіп, қала шетінде орналасқан ықшам ауданға қоғамдық көлік қатынау мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ осы аумаққа балабақша мен мектеп салынатынын жеткізді.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлық облыс, аудандарға барамыз. Барлық жерде халықпен кездесіп, қандай шешілмей жатқан проблема, әр азаматта қандай мұқтаж мәселе бар. Соны зерделеп, Үкімет алдында, тиісті министрлік алдында құзыреттіліктеріне қарай мәселелерді шешуге қоятын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы