389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің міндетті медициналық сақтандыру қорына 186 млрд теңге жарна түскен

  • 338
  • UPD: 07:51, 11.07.2019
Еліміздің міндетті медициналық сақтандыру қорына 186 млрд теңге жарна түскен Pavlodarnews.kz

Еліміздің міндетті медициналық сақтандыру қорына 186 млрд теңге жарна төлемі түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа үлгідегі жүйе Қазақстанда келер жылдың қаңтарынан бастап толық қолданысқа қосылатыны мәлім. Отандастарымыз 2020 жылдан бастап медициналық қызмет түрлерін екі бағытта алуы тиіс. Алғашқысы - кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Бұған скринингтік тексерулерден бастап созылмалы ауруға шалдыққан науқастарды қарау кіреді. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пациентке берері мол. Мұнда емдік-амбулаториялық көмек алу, салалық дәрігерге қаралудан өзге қымбат операцияларды жасатуға дейін мүмкіндіктер бар. Бастысы, әр азамат емханаға тіркелуі керек. Мемлекеттік немесе жеке емдеу кешені медициналық сақтандыру қорымен келісімге отыруы шарт. Бір ғана Түркістан облысында осы санаттағы 74 емхана жұмыс істейді.

Асхат Бейсенбаев, Түркістан облысы бойынша ММСҚ филиалының директоры:

- 2013 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне 608 млрд теңге бөлінген болса, 2019 жылы бұл қаржы көлемі 972,7 млрд теңгеге жетті. 20202022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге болады. Бұл дегеніміз, биылғы бюджеттен 67% көп. Аталған қаржының 967,7 млрд теңгесі тегін медициналық көмекке, ал 652,8 млрд теңгесі сақтандыру пакеті бойынша қызметтерге жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы