389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентті дамытудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді

  • 279
  • UPD: 09:06, 11.07.2019
Шымкентті дамытудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді

Шымкент қаласы жаңа бағдарлама негізінде дамиды. Жақында Үкіметте мегаполисті өркендетудің тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов депутаттар, басқарма басшылары, аудан әкімдерімен қаланы кешенді дамыту жоспарын талқылады. Жаңа құжатқа сәйкес, бес жылдан кейін Шымкент айтарлықтай өзгереді. Қалада құрылыс қарқын алып, мегаполис аумағы оңтайландырылады. Инвестицияның жылдық көлемі 1 трлн теңгеге ұлғаяды. Жаңадан «Жұлдыз» және «Шымкент-Агро» индустриалды аймақтары бой көтеріп, сондай-ақ қазіргі қолданыстағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту жоспарланған. 2020 жылы шымкенттіктерге әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы таныстырылады. Теміржол вокзалын қалпына келтіру жұмыстары да осы мерзімде аяқталуы шарт. Аталған тұжырымдама 2023 жылға дейін есептелген. Ол 10 бағыт пен 89 жобадан тұрады.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі:

- Үлкен құрылыстар әкімшілік іскерлік орталығында, «Шымкент сити», «Тұран» шағын аудандарында және Қошқарата өзенінің жағалауы көп қабатты тұрғын үй құрылыстары үшін анықталған. Енді осы бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік. Нәтижесінде 2023 жылға дейін 20 794 пәтерлі 319 көп қабатты үй салынатын болады. Тұрғын үй кезегін екі есеге азайтамыз деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы