384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Премьер-министрі жұмыс сапарымен Шымкентке барды

  • 134
  • UPD: 12:31, 11.07.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Шымкентке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы қаладағы ірі өндіріс орындарын аралап, тыныс-тірлігімен танысты. Металлургия, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және көлік инфрақұрылымы саласындағы кәсіпорындардың жұмысын көрді. Қала әкіміне Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі кешенді даму жоспарын тиімді іске асыруды тапсырды. Оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес қауымдастықпен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ өнім көлемін арттырып, жергілікті қамту үлесін көбейту туралы тапсырма берді. Егер қажетті іс-шаралар тиімді іске асырылса, 2023 жылға дейін өңірдің жалпы ішкі өнім көлемі 3 триллион теңгеге жетуі керек. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 триллион теңгені құраған еді.

Хабар 24 телеарнасы