383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

  • 99
  • UPD: 13:36, 11.07.2019
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

Шенеуніктер квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысымен танысып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастаманы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті қолға алған. Жыл басынан бері 56 маман функционалдық міндеттеріне сәйкес түрлі мекемелерге жолданды. Әдетте қағазбасты қызметкерлер енді өндіріспен танысып, жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Мәселен, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Болат Серіков шаһарды ауыз сумен қамтамасыз етуші мекемеге жолдама алған. Бұл тәжірибе кадрлерді даярлау үрдісін жетілдірудің бір жолы. Жыл соңына дейін тағы 33 мемлекеттік қызметші жаңа дағдыларды игеруге жолданады.

Расул Медетов, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

- Денсаулық сақтау басқармасын алатын болсақ, оның мемлекеттік қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінде өтіп жүрді. Бүгінгі күні біз тәжірибені аздап өзгертіп жатырмыз. Ауылдық жердегі, мәселен бір ауруханада немесе поликлиникада тәжірибен өту. Яғни ол не береді? Нағыз халықпен жұмыс істейтін, нағыз халыққа қызмет көрсететін мекемелерге барып, сол жұмыстармен тәжірибе алмасу болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы