Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі егін алқаптарының 98% ғарыштан бақыланады

  • 123
  • UPD: 14:41, 11.07.2019

Бүгінде еліміздегі егін алқаптарының 98% ғарыштан бақыланады. Ылғалдық пен құрғақшылық деңгейін анықтайтын құралдардың көмегіне жүгінген шаруалардың да жұмысы жеңілдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, еліміздегі агросекторды дамыту үшін әлі де серпінді жобалар санын артыру қажет. Алматы облысында  өткен егінжай күнінде сала мамандары осы мәселені талқылады.

Егінжай күнінде «Қазақ өсімдік және егіншілік ғылыми-зерттеу институтының» тәжірибелік алқаптарында дәнді әрі майлы дақылдардардың жоғарғы сұрыптары өсіріледі. Мысалы отандық ғалымдар будандастыру арқылы күздік арпаның екі жаңа түрін шығарған. Тәлімі жерлерге егілетін «Арман» және «Шапағат» атты арпа өнімді де мол береді.

Шынболат Ырысалиев, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒЗИ бас директорының орынбасары:

- Осымен 2-3 жыл қатарынан оңтүстік-шығыста егіп осылардың тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Жаңа техникамен, комбайнмен көрсетеміз. Шығымдылығы өте жақсы. Сонымен қатар бұрын біздің елімізде қатты дамыған мына сұлы дақылы. Сол дақылды қолға алып осы өсу қасиеттерін зерттеп, гектарына бар болғаны 25 келі егіп, жақсы өнім алатындығына көз жеткізіп отырмыз.

Саланы цифрландыру арқылы егін алқаптарын ғарыштан бақылау жүйесі іске қосылды. Ол құрылғы топырақтың құнарының азаюын, өсімдіктердің биологиялық жетілуін, жердің органикалық сан-алуандығын, тіпті ауа райы өзгерісі туралы ақпаратты 94% нақты береді, дейді мамандар. Биыл агропаркте сұлы мен майлы дақылдардың көптен бері егілмегей келген  түрлері өсіріліпті.

Майлы әрі азықтық дақыл саналатын рапстың мал шаруашылығындағы орны ерекше. Бұл өсімдікті жеген мал қоңды келеді әрі тез семіреді. Сиыр сүтті мол береді. Рапстың шөп балаусасынан 1 гектардан 510 центнерге дейін өнім жиналса, ал майлы дақылдарынан 1 гектардан 52 центнерге дейін өнім жинауға болады»

Елімізде 200 ден астам агроқұрылым, 177 мың шаруа қожалығы бар. Бірақ ауылшарушалығы ғылымсыз дамымайды. Ал ғылым жетістігіне жүгінген шаруа ұтылмайды. Егінжай күнінде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен шаруалар өзара тәжірибе алмасты. Заманауи агротехника мүмкіндіктері таныстырылып, инновациялық жобалар көрсетілді. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы