389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың жекеменшік балабақшалары ашық есік күнін өткізді

  • 232
  • UPD: 14:41, 11.07.2019
Елорданың жекеменшік балабақшалары ашық есік күнін өткізді

Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың сапасы мемлекеттік бақшалардан кем түспейді.

Осыған орай бүгін елордадағы оқушылар сарайында қаладағы барлық мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшалар ашық есік күнін өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар келген ата-аналарға тәрбие мен білім сапасын түсіндіруде. Қазір бас қаладағы бүлдіршіндердің 36%-тен астамы жекеменшік бақшаға барады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінген. Соның нәтижесінде ата-аналардың жекеге төлейтін ақысы - 20800 теңге, ал мемлекеттік балабақшадағы төлемақы - 16800 теңгені құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы