384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық кәсіпкер туристерге Қазақстанға келуге кеңес береді

  • 113
  • UPD: 15:11, 11.07.2019
Америкалық кәсіпкер туристерге Қазақстанға келуге кеңес береді

Қазақстанда болған америкалық іскерлік топ өкілдері мен туристер өз елдерінде қазақтың дархан даласынан алған әсерлерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелге саяхаттауды ұнататын АҚШ халқы ұлы дала елінің бірегейлігін ерекше атап өтуде. Олар ең алдымен қазақ еліндегі тұмса табиғат әлемімен және тарихи ескерткіштермен жақынырақ танысуға шақырады. Бұған қоса, Алис Дайсарт есімді нью-джерсилік кәсіпкер қазақ аруларының да сұлулылығы мен нәзіктігіне қайран қалған.

Алис Дайсарт, кәсіпкер:

- Біз Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланып жатқанда болдық. Сол кезде қазақ елінің бас қаласын аралап көрдік. Шаһар заманауи стильде салынған, сәулеті ерекше. Және алдағы уақытта одан әрі қарыштап дами түседі деп сенеміз. Жалпы мен америкалықтардың елдеріңізге ат басын бұрып, қазақ елімен, мәдениетімен жақынырақ танысса деймін.

Хабар 24 телеарнасы