383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баланы дүниеге әкелуді жоспарлағанда дұрыс күтіну керек – Дәрігерлер

  • 92
  • UPD: 18:46, 11.07.2019

Балалар неврологиялық ауруларға жиі шалдығатын болған. Бұл туралы Балалар нейрохирургтары Еуразиялық қауымдастығының кезекті съезінде айтылды.

Дәрігерлер туабітті жүйке жүйесі зақымданған, миында қатерлі ісігі бар бүлдіршіндер саны көбейіп жатыр дейді. Одан бөлек, биіктен құлап, яки жол апатына түскен балалардың тірек-қимыл жүйесі де жиі бұзылатын көрінеді. Десе де, бұл дертті уақытылы емдемесе балалардың сауығып кетуі әбден мүмкін. Ол үшін елордадағы емдеу мекемелерінде қажетті медициналық жабдықтардың барлығы бар. Съез кезінде бірнеше елден келген мамандар екі күн бойы тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырмақ. Айта кетейік, жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығында 3 мыңға жуық адамға күрделі операция жасалады. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған балалар да бар.

Әлібек Жарасов, нейрохирург:

- Туғанынан сал ауруына шалдығатын, орталық жүйке жүйесі бұзылған балалар елімізде жиі кездесетін болды. Оның неден болатынын дөп басып айту қиын. Оған экология да, күнделікті тұтынатын тағамдарымыз да әсер етуі мүмкін. Сондықтан бала жоспарлағанда дұрыс күтіну қажет.

Хабар 24 телеарнасы