389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы дабыл қағу жүйесі жаңартылады

  • 194
  • UPD: 18:38, 11.07.2019
Арыстағы дабыл қағу жүйесі жаңартылады

Арыс қаласындағы дабыл қағу жүйесі жаңартылады. Мұндай жұмыстар Түркістан облысының барлық аудан қалаларында жүргізіледі.

Бұл туралы  Облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді. Қазір Арыста 16 дана техника, 65 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілік атқарып жатыр. Сала мамандары тұрғындардың әскери бөлімге жақындамауын сұрайды. Өйткені ол жерлерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал қаланың өзі қалыпты тұрмыс салтына орала бастады. Бүлінген  баспаналарды  ретке келтіру ісі де қарқынды. Мәселен, Ақтөбе облысының өкілдері өз жауапкершілігіне 12 секторды алған. Ол жерде 789 тұрғын үй  бар. Соның тең жартысынан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Хабар 24 телеарнасы