384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин Арыстағы жөндеу жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды

  • 178
  • UPD: 20:52, 11.07.2019

Түркістан облысының Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына дүйім ел жұмылды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин шаһарға арнайы барып, осы істің барысымен танысып қайтты. Әрі зақым келген үйлер мен әлеуметтік нысандарды және инженерлік желілерді аралап, жөндеу жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының басталғанына екі аптаға жуықтады. Құрылысшылар ең алдымен шатыры қирап, қабырғасы қақыраған үйлерді жөндесе, енді міне бөренелері босап, төбесі ортасына түскелі тұрған әлеуметтік нысандарға кірісті.

Арыстағы құрылыс жұмыстарымен бүгін Премьер-министр Асқар Мамин танысты. Сапар барысында өңірлік штабтарды аралап, «Көктем 1», «Көктем 2» шағын аудандарында, жергілікті балабақша мен теміржол вокзалында және халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Мұнда үкімет басшысына қала тұрғындарына өтемақы төлеу ісінің қалай жүргізіліп жатқаны баяндалды. Арыста жарылыс кезінде түгелімен жанып кеткен үйлер де бар. Сондықтан баспана иелері дүние мүлкімен қоса, құжаттарын да қайта қалпына келтіріп жатыр.

Айдар Ысқақов, Арыс қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

- Үй жайлары толық өртенген азаматтардың құжаттары тегін жасалып жатыр. Сонымен қатар жоғалған, бүлінген туу туралы куәліктер мен неке куәліктері жасалып жатыр.

Қала бойынша 676 үй жөнделді. Тағы 3 мың тұрғын үй мен медицина, білім және спорт саласындағы 66 ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, жергілікті емхана емдеу ісін бастап кетсе, қалалық аурухана тамыз айында қайта есік ашуы тиіс.

Шалқар Дәулетияров, хирург:

- Барлық дәрігерлер педиатр, терапевт, хитруг жалпы барлық дәрігерлер жұмыс істейді. Есік-терезе қираған. Жобаға келтірдік бірінші этажды. Қалған этаждар келген жоқ. 

Сапар соңында Асқар Мамин тиісті орган басшыларымен кеңес өткізді. Жиында Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының атқамінерлері өздеріне бекітілген аумақта құрылыс 1 тамызға дейін аяқталатынын айтты. Ал үкімет басшысы арыстықтардың тезірек үйлеріне оралу қажеттігін тағы да ескертті.

Авторлары: Катерина Попкова, Нурмахан Бекмуратов

Хабар 24 телеарнасы