384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде баланың сүйек кемігін ауыстыру үшін донор Ресейден табылды

  • 139
  • UPD: 21:07, 11.07.2019

Ұлттық ана мен бала орталығының дәрігерлері ақ қан ауруына ұшыраған 7 жасар қыз баланың сүйек кемігін ауыстырды.

Донор Ресей Федерациясынан табылған. Діңгек жасушалары Киров қаласынан жеткізілді. Айта кетейік, донор баланың жақын туысы емес. Бірақ лейкозды емдеуге қатысты деректері сәйкес келген. Мамандардың айтуынша, осымен Ресейдің сүйек кемігі регистрі арқылы төртінші реципиент анықталып  отыр. Бұл жолы да сау жасуша баланың өміріне араша түседі деген үміт зор. Бүгінгі күні еліміз бойынша сүйек кемігіне трансплантация жасауды қажет ететін  300-ге жуық науқас бар. Оның 80-і бала. Біздің елімізде сүйек кемігі донорларының регистрі бар. Онда 7 мыңға жуық адам тіркелген.    

Дайыр Нұрғалиев, ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары:

- Дер кезінде жасалған трансплантация адам өмірін сақтап қалады. Бізде 2012 жылға дейін сүйек кемігінің  бағанасын ауыстыру мүмкін болмаған. Онкологиялық қан ауруына душар болғандар өзімізде емделе алмағандықтан, шетел асуға мәжбүр болатын. Қазір медицина дамып келеді. Күрделі деген операциялардың өзі елімізде жасалып жатыр. Әрине медицина бір орнында тұрмайды. Үнемі даму үстінде Сондықтан шетелдік әріптестірімізбен тәжірибе алмасып тұрамыз. Бұл жолы дәрігерлер Түркиядан келіп, шеберлік шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Олармен бірігіп, 4 науқасқа трансплантация жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы