384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адам өміріне араша түскен елордалық полицей марапатталды

  • 140
  • UPD: 21:45, 11.07.2019

Өз басын қатерге тігіп, өзге өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерлерінің ерлігі елеусіз қалмайды. Елордалық Роман Байділдин басшылығы тарапынан марапатқа ие болды.

Ол Есіл жағасында кезекшілік атқарып жүріп, суға батып бара жатқан адамды құтқарған еді және жас лейтенанттың бұл ажалға араша түскен алғашқы жағдайы емес екен.

Мына бейнетаспа кеше барлық әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарын елең еткен болатын. 29 жастағы полиция қызметкері Есіл өзеніне батып бара жатқан адамды көріп, ағысы қатты өзенге күмп берді. Ойланып тұратын уақыт болмады дейді лейтенент. Енді бірер секунд кідіргенде оқиғаның  қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді.

Роман Байділдин, қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкері:

- негізі құтқарушылар болу керек. Бұл біздің жұмыс болғаннан кейін секірдім. Олар келгенше күтіп тұрмайсың ғой. Адамның айқайлаған дауысын естіп, суға секірдім. 04:12 Көз алдыңда адам суға батып бара жатқанда көмектесуге міндеттіміз. Одан кейін ұйықтай алмайсыз ғой, көргеннен кейін.

Мейрамхан Құсайынов, қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкері:

- Біз оқиға орнына жеткенде Роман Байбілдин құтқару жұмыстары кірісіп кеткен. Судың терең екенін айта кету керек. Бұған қоса, жағаға шығу үшін шамамен 2 метр болатын бетон кедергі тағы бар. Сондықтан Роман бейтаныс адамды артынан итерді. Ал, біз бергі жағынан тартып алдық.

Роман Байділдин қызметіне қалтықсыз берілген жас маман. Күнделікті қарбалас жұмыстан бөлек, жарты жыл бұрын тағы бір адамды ажалдан арашалап қалды. Қатты аязда денсаулығы сыр берген үлкен кісіні байқап, алғашқы көмегін көрсетеді. Кейін емхана жеткізеді. Бірақ кейіпкеріміз бұның барлығын ерлік емес, міндет деп санайды. Бүгін елордадағы полиция департаментінің бастығы оның әрекетін ерекше атап өтті, арнайы сыйлық табыстады.

Роман Байділдин, қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкері:

- Мұндай жағдайлар елеусіз қалмайды. Басшылық жағынан марапаттар беріліп, ынталандырып отырады. Ерлік деп бұны айта алмаймын. Біздің жұмыс. Кісілерге көмек беруіміз керек.

Романның әрекетін нағыз ерлік және басқаларға үлгі дейтіндей бар. Өйткені мұндай оқыс оқиға кезінде екінің-бірі басын тәуекелге тіге бермейді. Мәселен, жыл басынан бері дәл осылай тыйым салынған жерлерге шомылам деп 159 адам өліп кеткен. Ал Роман сияқты азаматтар осы көрсеткішті төмендету үшін өз өмірін тәуекелге тігіп жүр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы