384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлемде жол сапасы жөнінен 106-орында тұр

  • 651
  • UPD: 21:40, 11.07.2019

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер мемлекеттердің қатарында тұр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018 жылы жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 140 елдің ішінде 106-орынға табан тіреген. Бұл өте нашар көрсеткіш және оған себеп салдағы сыбайлас жемқорлық дейді ол. Соңғы 3,5 жылда жол құрылысына қатысты 100 шақты пара алу фактісі әшкереленген. Статистикаға сәйкес, мұндай заң бұзушылықтарға «ҚазАвтоЖолдың» және өзге де құрылымдардың өкілдері жол берген.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Жол құрылысы саласындағы жемқорлық фактілері негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара берумен, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар кезінде қаржы жымқырумен байланысты. Бұл проблемаларды шешу үшін агенттік бастамасымен «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» жанында «Сапалы жол- адалдық алаңы» жобалау офисі ашылды. Оның мақсаты автомобиль жолдары саласында жемқорлықтың алдын алу.

Хабар 24 телеарнасы