383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жылу және су жүйелерінің күтіміне жауапты мекемеге қарыз сомасы өсті

  • 110
  • UPD: 21:42, 11.07.2019
Ақтауда жылу және су жүйелерінің күтіміне жауапты мекемеге қарыз сомасы өсті

Ақтаулықтардың қаладағы жылу және су жүйелерінің күтіміне жауапты мекемеге берешегі 300 млн теңгеден асқан.

Ал оны өндіріп алу коммуналдық кәсіпорын заңгерлеріне оңайлыққа түспейді. Алдымен пәтерлерді аралап, есептеуіш құралдар көрсеткен сандарды нотариуспен куәландыру қажет. Содан соң ғана олар талап арызбен сотқа жүгіне алады. Өзекті сауал осы өңірде жұмыс сапарымен жүрген мәжілісмендерге айтылды. Депутаттар мәселенің шешімін еліміздің коммуналдық шаруашылығы саласындағы компаниялардың мүддесін қорғайтын қауымдастықпен бірлесе отырып қарайтындарын жеткізді. Жазғы демалыстан оралған соң бұл сұрақты Парламент отырысында көтеруге уәде берді.  

Ирина Унжакова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Тұрғындардың коммуналдық мекемелерге берешегі көп. Бұл кәсіпорындардың көпшілігі мемлекет меншігінде. Олар тұтынушылардың төлемін  уақытында жинай алмаса, ұсынылатын қызметтің сапасы ақсайды. Арада даулы сұрақ көбейеді. Осы олқылықтан арылу үшін қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу қажет.

Берік Ізғалиев, коммуналдық мекеменің жетекші заңгері:

- Мемлекет өте жақсы жеңілдікті салық органдарына берді. Қандай да бір тұлғаның салық бойынша берешегі болса, салық органы салықтық бұйрығын шығарады және де ешқандай сот бармастан тікелей сот орындаушыларына орындау үшін жібереді де салықты өндіріп алады. Дәл сондай коммуналдық мекемелер де өзіміздің өнімімізді нақты есептеуіш құралдардың негізінде тұтынушыларға қоя аламыз. Яғни бұл көп жағдайда ешқандай даусыз деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы