383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазгидрометтің бұрынғы басшылары сотталды

  • 132
  • UPD: 22:32, 11.07.2019
Қазгидрометтің бұрынғы басшылары сотталды

Қазгидрометтің бұрынғы басшылары 10 жылға бас бостандығынан айырылды және оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Естеріңізге салсақ, биыл 17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері 26,5 млн теңге пара алды деген күдікпен Қазгидрометтің бірқатар басшысын ұстаған болатын. Олар 2018 жылы метеорологиялық құрылғылар жеткізушілерден мемлекеттік сатып алуларға қатысқаны үшін ақша талап еткен. Биыл 11 қаңтарда параның бірінші бөлігін 9,5 млн теңгені берілгені тіркелген. Ал 17 қаңтарда параның екінші бөлігін алып жатқан жерінен Қазгидрометтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрианов пен Қазгидромет бас директорының орынбасары Сұлтанов ұсталған.

Хабар 24 телеарнасы