384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ҚХА мүшелері Президенттің ел дамуының 10 басым бағытын талқылады

  • 119
  • UPD: 07:44, 12.07.2019
Алматыда ҚХА мүшелері Президенттің ел дамуының 10 басым бағытын талқылады

Алматыда Қазақстан халқы Ассемблеясының мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың болашақ дамудың 10 басым бағытын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым мүшелері халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жемқорлықөпен күрес, жұмысқа орналастыру және халықты баспанамен қамту сынды өзекті мәселерге тоқталды. Айталық, қазіргі уақытта Алматы қаласында мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3500-ге жуық өтініш түскен. Солардың тек 21% ғана мақұлданған. Ассамблея мүшелерінің айтуынша, бұл бағытта әлі де ауқымды жұмыстар атқарылу қажет.

Всеволод Лукашов, Алматы қалалық ҚХА мүшесі:

- Халықты баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысты өз ұсыныстарымыз бар. Ол ең алдымен жас отбасыларға үйді сату емес, тегін беру. Әрине, бұл ұсыныс жөнінде әрқилы пікірталас болады. Дегенмен, қазіргі әлеуметтік ахуалға ерекше мән берген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы