384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық бейәлеуметтендіру орталығы 900-ден астам адамға көмек көрсетті

  • 382
  • UPD: 09:27, 12.07.2019
Елордалық бейәлеуметтендіру орталығы 900-ден астам адамға көмек көрсетті

Елордалық бейәлеуметтендіру орталығы қиын жағдайда қалған 900-ден астам адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. Әлеуметтік қызметкерлер тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жандардың құжаттарын қалпына келтіріп, жұмысқа орналастырып, тұратын үй іздеуге жәрдемтесті. Орталық 180 орынға шақталған. Мұнда көмек сұрап келгендер әдетте 2 айдан бір жылға дейін тұрады. Бұл панажай оларды тамақпен, таза киіммен әрі жатын орынмен толық қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мұқтаж жандарға психологиялық және медициналық көмек те көрсетіледі.

Сәуле Садықова, Нұр-Сұлтан қаласы бейәлеуметтендіру орталығының психологы:

- Біз жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс істейміз. Егер көмек сұрап келгендердің жұмыс істейтін қабілеті болса, онда біз оларға екі қолға бір күрек тауып беруге тырысамыз. Бірақ олардың дені еңбек етуге қауқарсыз. Сондықтан наркологиялық және психиатрлық диспансерге жатқызамыз не болмаса, қарттар үйіне орналастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы