384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар СҚО тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдады

  • 86
  • UPD: 12:48, 12.07.2019

Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.

Еліміздің солтүстігіне жұмыс сапарымен барған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына өңір тұрғындары осындай өтініш-тілектерін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені уақыт өткен сайын қарапайым халықтан келіп түсіп жатқан арыз-шағымдардың саны артып отыр. Ғаламтордағы алаяқтық тағы бар. Оның үстіне сауда орындардағы сапасыз тауарларды дәлелдеу қиынға соққан. Сондықтан қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары осы жайында болды. Жалпы Петропавл қаласында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауда халық қалаулылары 10-нан астам азаматтың мәселесін тыңдады.

Надежда Дубовая, Тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы:

- Тұтынушылар тарапынан түсіп жатқан арыздар күннен күнге артып барады. Әсіресе, медициналық қызметке деген шағым өте көп. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қиынға соғып барады. Сондықтан заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсе дейміз.

Гүлнәр Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасы қысқаша. Әрбір норманы қарастырған. Ондай болмайды дедік. Жаңағыдай бүкіл аймақтарды жинап, ұсыныстарын тыңдап, бәрімен ақылдастық. Осындай біраз кездесулер жасадық. Сондықтан әжептәуір заң жобасы болып тұр. Сол заң жобасын қолға аламыз. Осы қыркүйекте Үкіметтен өтсе, қарашада бізге Мәжіліске келуі керек.

Хабар 24 телеарнасы